Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Көбірек төлеуге тура келеді: Петропавлда қоғамдық көлікпен жүру құны қымбаттайды

Көбірек төлеуге тура келеді: Петропавлда қоғамдық көлікпен жүру құны қымбаттайды

Облыс орталығында жол жүру ақысы қымбаттайды. Бұл мәселе 2022 жылдан бері талқыланып келеді. Соңғы рет тариф 2017 жылы көтерілген. Тарифті қайта қарауға жанармай бағасының өсуі, жүргізушілердің жалақысының төмен екендігі себеп болды, деп хабарлайды QZ media тілшісі.

Жаңа тариф алдағы екі аптада күшіне енеді. Қолма-қол ақшасыз төлем кезінде жол жүру құны – 100 теңге, қолма-қол төлем – 170, ал балалар билеті 50% арзан болады.

«Өздеріңіз білесіздер, қазір дизель отыны 290 теңге тұрады, қыста одан да қымбат болады. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап біз тасымалдауды субсидиялауды бастадық. Тарифті көтерген кезде де тасымалдаушылардың алатын қаражаты барлық шығынды жабуға жетпейді, әкімдік те субсидиялауды жалғастырады», – дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров.

Қала бойынша барлығы 185 автобус 18 бағыт бойынша жүреді. Қоғамдық көлік қызметін күніне шамамен 65-75 мың адам пайдаланады.

 

Shares