Колледж студенттері Петропавлдағы саябақты ретке келтірді
СҚО Ішкі саясат басқармасы жанындағы Қоғамдық даму және ақпарат орталығы жастар бастамалары бөлімінің мамандары Петропавл қалалық ЖРО-мен бірлесіп, облыс орталығындағы саябақтардың бірінде «Бірге Қазақстан!» эко-акциясын өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Бұл игі іс-шараға студент жастардың 50-і қатысты. Олар түскен жапырақтарды, жағалай шашылған қоқыстарды жинады. Осылайша, Петропавл қаласының тұрғындарына далада уақыт өткізу үшін тиісті жағдай жасады.
Эко-акция аймақ тұрғындарын экологиялық бастамаларға тартуға көмектесетін «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өткізілді. Осындай шаралардың көмегімен азаматтар қоршаған ортаға ұқыпты қарау деңгейін арттырады.