М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж ұжымына АЭС-тың артықшылықтары туралы айтылды
М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде атом электр станциясын салу мәселелері бойынша құрылған қоғамдық штаб өкілдерінің кездесуі өтті. Іс-шара барысында атом энергетикасының артықшылықтары талқыланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Қазір көптеген адам Чернобыль мен Фукусимаға сілтеме жасай отырып, атом электр станциясының құрылысынан қорқады. Бұл өткен күннің еншісінде қалғанын ұғыну керек. Апаттар ескірген технологиядан туындағанын білеміз. Қазіргі заманғы атом электр станциялары үшінші және төртінші буынға жатады. Қауіпсіздік бірінші кезекте. Олар заманауи технологияларды қолдана отырып салынуда, орталықтарда олқылыққа жол берілмейді”, – деп атап өтті кездесуде спикерлер.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар атом электр станциялары парниктік газдар шығармайтын ең экологиялық таза энергия көздерінің бірі екенін атап өтті.
“Қазақстанда қазірдің өзінде энергияның 6%-дан астамы жаңартылатын көздерден өндіріледі, бірақ бұл өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жеткіліксіз. Атом электр станциясы болашақ ұрпақ үшін қажет, тұрақты, арзан және экологиялық таза энергияны қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді”, – делінді кездесуде.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық дауыс беру өтеді. Қоғамдық штаб азаматтарды “қарсы” және “қарсы емеспін” ұстанымдарымен танысуға және саналы шешім қабылдауға шақырады.