Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » МӘМС арқылы аман қалған: Петропавлда ер адамға миына ота жасалды

МӘМС арқылы аман қалған: Петропавлда ер адамға миына ота жасалды

Петропавл қаласының тұрғыны Александр Кобзев ұзақ уақыт бойы бас ауруына шағымданып келген. Уақыт өте келе ол есін жоғалта бастап, денесінің сол жақ бөлігі жансызданған соң, облыстық аурухананың дәрігерлері миында ісік барын анықтады, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, Александр ұзақ уақыт бойы МРТ тексеруінен өте алмаған. Себебі оның салмағы 145 келі болып, диагностикалық құрылғылар мұндай жүктемеге есептелмеген еді. Алайда ол өз бетімен 25 келіге арықтап, қажетті тексеруден өтуге мүмкіндік алды. Диагностиканың нәтижесінде миында жаңа түзілім анықталды.

«Ісікті алып тастау бойынша күрделі ота МӘМС жүйесі аясында тегін жасалды. Оның құны шамамен 4 миллион теңге деп бағаланады. Қазір Александрдың жағдайы тұрақты, ол отадан кейін оңалып келеді және жақын күндері ауруханадан шығуға дайындалуда. Қазір дәрігерлер ісіктің қатерлі не қатерсіз екенін анықтау үшін гистологиялық талдау нәтижелерін күтуде», – деп мәлімдеді қордың баспасөз қызметі.

Shares