Мерекелік күндердегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Елорда күніне байланысты 6 шілде күні орталықтар жұмыс істемейді. Дүйсенбі күні яғни 8 шілдеде азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
9 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай жұмыс істейтін болады.
“Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00 аралығында және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге аралығында, сенбі күні 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Орталықтарға кезекті «ХҚКО» және «eGov mobile» қосымшалары, egovkzbot2.0 телеграм-боты, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы брондауға болатынын ескере кетейік”,- делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ хабарламасында.