Никита Изотов жеңіл атлетикадан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды
Kozybayev University түлегі Никита Изотов жеңіл атлетикадан өткен халықаралық жарыста қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Алматыда Олимпиадалық даярлық орталығының базасында Орталық Азиядағы ең ірі жеңіл атлетикалық жарыстардың бірі – Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Биыл бұл жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Үндістан және басқа да елдердің үздік спортшыларын қоса алғанда, 17 елден 200-ден астам атлет қатысты.
Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, турнир World Athletics Continental Tour Bronze Level аясында өткізіліп, Азия, әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.
Қазақстан құрамасы сапында Kozybayev University түлегі Никита Изотов та сәтті өнер көрсетіп, 800 метр қашықтықта 1:53.97 секунд нәтижемен қола жүлдені қанжығасына байлады.