Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Новаторный-Набережный көшелеріндегі жер үйлердің тұрғындары: “Мердігердің кесірінен маза қашты”

Новаторный-Набережный көшелеріндегі жер үйлердің тұрғындары: “Мердігердің кесірінен маза қашты”

Новаторный-Набережный көшелерінің қилысында көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл – қуантарлық жайт. Алайда, қатты жаңбыр кезінде жақын маңдағы жеке үйлердің тұрғындары зардап шегеді. Мұның бәрі бұзылған жол мен суды құдыққа түсеретін жүйенің жоқтығына байланысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Светлана есімді оқырманымыз бізбен байланысты шықты. Олар бірнеше рет мердігермен кездесіп, жаңбыр суы үйлердің аулаларында қалмай, құдыққа ағып кетуі үшін жолды көтеруді сұраған. Бірақ тұрғындардың өтініші ескерілмепті.

«Су тікелей құдыққа ағып кетуі үшін жердің асты арқылы құбыр өткізуді де сұрадық, бірақ жағдай өзгеріссіз қалды. Жаңа үй салынар алдында ол жерде арнайы жүйе болды және су үнемі құдыққа ағатын. Бірақ қазір ол жоқ. Жаңбыр жауған сайын осылай судың астында қаламыз. Мердігер өткен жылдың күзінен бастап бәрін жасауға уәде беріп келеді, бірақ нәтиже жоқ. Уәде бергеннен басқа еш нәрсе тындырмады. Мәселені шешу туралы өтініштер еленбейді… Көпқабатты үй салынбай тұрып мұндай жағдай болған жоқ», – деп бөлісті Светлана.

Азаматшаның айтуынша, ауланы ғана су баспаған. Бүгінде жаңбыр суы жертөлеге де кіріп жатқан көрінеді.

Shares