Облыс орталығында өткен «Таза бейсенбі» акциясына 100-ден астам студент қатысты
Апта сайын «AMANAT» партиясының мүшелері елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясын өткізуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Бұл жолы оған Қозыбаев университетінің студенттері мен педагогтары қатысты. Олар Бостандық көшесіндегі студенттік жатақхана маңындағы саябақтан № 3 оқу корпусына дейінгі аумақта тазарту жұмыстарын жүргізді.
«Таза бейсенбі» акциясы Петропавл қаласында және СҚО-ның барлық аудандарында осы жылдың маусым айынан бастап әр бейсенбі күні өткізіледі. Белсенділер жағалау аумақтарында, адамдар көп жиналатын және демалатын орындарда, елді мекендерге жақын жерлерде қоқыс жинайды, ескерткіштерді тазартады. Акция барысында қатысушылар 120 тоннаға жуық қоқыс жинады.