Облыстық қуыршақ театрында “Ән айт, менің домбырам” атты қойылымды 30-ға жуық бала тамашалады
Облыстық қуыршақ театрында су тасқынынан зардап шеккен балаларға “Ән айт, менің домбырам” спектаклі тегін көрсетілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қойылымнан кейін балаларға интерактивті ойындар мен шеберлік сабақтары өткізілді. Ойын-сауық 30-ға жуық ұл мен қызға арналды.
“Біз осы арқылы отбасылар мен балаларды су тасқыны жағдайынан аздап алшақтатқымыз келді. Біздің елде мұндай жағдайлар қайталанбайды деп үміттенеміз. Бұл – біздің балаларымызды қолдауға қосқан үлесіміз”, – деді облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Айбол Қасым.