ӨМІР ҮШІН ҮМІТ: Петропавлда Александра Лыковаға шұғыл операцияға қаражат қажет
Петропавл қаласының тұрғыны Александра Лыковаға шұғыл түрде көмек қажет. Облыс орталығында оған арнап шұғыл қаражат жинау басталды, деп хабарлайды QZ News.
2023 жылы Александраға тік ішек пен сигма тәрізді ішектің қосылған тұсында қатерлі ісік (ректосигмоидты бөлімінің обыры, St I) диагнозы қойылған. 2023 жылдың 28 қарашасында ісікті алып тастау бойынша сәтті операция жасалып, кейіннен 12 курс химиотерапия (АПХТ (FOLOX), 01.07.2024 ж. басталған) қабылдады. Алайда, өкінішке қарай, дерт қайта оралды.
Қазіргі таңда дәрігерлер Александраға екі жақты парнеопластикалық плеврит, асцит және жамбас қуысында көлемді ісік диагнозын қойып отыр. Ауру үдеп барады, ісік ішкі ағзаларға қысым түсіріп жатыр. Отадан кейінгі кезеңде Александра 22 курс химиотерапиядан өтті.
«Өмір үшін аса маңызды операция Мәскеуде жасалуы тиіс. Оның құны – 3 260 700 рубль, яғни қазіргі бағаммен шамамен 22 000 000 теңге. Өкінішке қарай, Александра мен оның отбасының мұндай қаражаты жоқ, ал ота шұғыл түрде қажет. Қазіргі уақытта 10 500 000 теңге (немесе 1 600 000 рубль) жинау қажет», – дейді Александраның жақындары.
Қаржылай көмек көрсету мүмкіндігіңіз болса, төмендегі реквизиттер арқылы қолдау көрсете аласыз:
Kaspi Gold:
Карта нөмірі: 4400 4302 0755 4624
Телефон: +7 705 269 13 90 (Александра Лыкова атына тіркелген)
Халық Банк:
Карта нөмірі: 5522 0433 6355 3221
Телефон: +7 705 559 65 60 (Александра Лыкова атына тіркелген)