Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов сайланған аудан әкімдеріне міндеттерді айқындады

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов сайланған аудан әкімдеріне міндеттерді айқындады

5 қарашада Қазақстанда алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті. Солтүстік Қазақстан облысында сайлау науқаны Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарын қамтыды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов аудандардың активіне жаңа әкімдерді таныстырды. СҚО әкімі аудандарды одан әрі дамыту және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар міндеттерді атап өтті. Бұл ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте жаңа жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге инвесторлар тарту, инфрақұрылымды дамыту, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту және жолдар салу. Білім мен денсаулық сақтау саласын дамыту да басты назарда.

Еске салайық, сайлау қорытындысы бойынша Есіл ауданының әкімі болып Мереке Мұхамедьяров сайланды. Ерлан Жаров Тимирязев ауданының әкімі болды. Елена Степаненко Мамлют ауданының әкімі болып сайланды. Айта кету керек, бұл облыс тарихында ауданды басқарған бірінші әйел.

Shares