Өрт сөндірушілер Жамбыл ауданында ауыл шаруашылығы техникасын оттан аман сақтап қалды
Жамбыл ауданына қарасты Благовещенка ауылында шаруа қожалығы аумағында орналасқан темір ангарда өрт шықты. От ғимараттың 150 шаршы метр аумағын тез арада шарпыды, деп хабарлайды QZ News.
СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ангардың толық жанып кетуіне жол берілмей, ішіндегі комбайн мен үш тіркеме өрттен аман қалды. Өртті сөндіруге «Атамекен Агро» ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру жасағы да белсене атсалысты.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.