Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ойқала шағын ауданында дезинфекция жұмысы жалғасуда

Ойқала шағын ауданында дезинфекция жұмысы жалғасуда

Ойқала шағын ауданында сағат 10-нан 21:00-ге дейін дезинфекция жұмысы жүргізіледі. Мұнда 2 бригада жұмыс істейді, 3 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

16 мамыр күні, бейсенбіде жұмыс 54 үйде және 7 кәсіпкерлік нысанында жүргізілді. Жұма күні түске дейін Калюжный көшесінде орналасқан Ю. Гагарин атындағы №14 орта мектепте дезинфекция өтті. Сондай-ақ Киев, Павлов, Потанин және Береговая көшелеріндегі үйлер қамтылды.

“Дезинфекция жұқпалы аурулар өршуінің алдын алу мақсатында жүргізіледі. Арнайы қоспаны біздің санитарлық дәрігер жасайды, сұйықтық бүрку әдісімен шашырайды. Ыстық тұман да жұмыс істейді. 8 мамырда бастадық. Бұл күні Кирпичный шағын ауданы болды, 9 мамырда – Былғары зауыты. Содан кейін осында келдік. Ерітіндінің көлемі әр түрлі, ауданға байланысты әзірленеді. Дезинфекция тегін жүргізіледі. Мамандардың жұмыс кестесімен қалалық әкімдіктің интернет-ресурстарында танысуға болады”, – деді “Строй монолит” ЖШС басшысы Алмат Сүлейменов.

Shares