Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ойқала ықшам ауданында 3 мың текше метрден астам су сорылды

Ойқала ықшам ауданында 3 мың текше метрден астам су сорылды

Ойқала ықшам ауданына СҚО ТЖД жеке құрамының 10 маманы және 7 тасымалданатын мотопомпасы тартылды. Олар су айдайды. Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 3 мың текше су сорылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазір біз шіркеудің жанында су сорып жатырмыз. Су өздігімен кетпейді. Кету үшін әрекет етудеміз. Демиденко, Коминтер көшелері қамтылды, адамдарымыз Павлов көшесінде де жүр. Техника, адамдар жеткілікті. Үш күннен бері су сорудамыз. Шамамен 3-4 күннің ішінде бұл төңіректі құрғатамыз. Жергілікті атқарушы органдар да бізге көмектесуде. Аудандардан қосымша күш келуде: Айыртау, Шал ақын аудандарынан мамандар техникамен келді”, – деді Петропавл қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Руслан Ибраев.

Жергілікті құтқарушыларға Жетісу облысының әскери қызметшілері белсенді көмек көрсетуде.

“305 әскери қызметші, 15 арнайы техника келді. Біз үйінділерді, дүние-мүлікті бөлшектеуге көмектесеміз. Әскери қызметшілер зардап шеккен аудандарға жіберіледі. Барлық жігіт құлшыныспен көмектесуде. Біз қарап тұра алмаймыз”, – деді Жетісу облысы 40398 әскер бөлімінің аға лейтенанты Уәлихан Аманқұл.

Shares