Ойқалада мехбригадалар 5 үйді қалпына келтіруге кірісті
Ғ. Мүсірепов ауданының механикаландырылған бригадасының штабы Ойқала шағын ауданында орналасқан. Мамандарға Урицкий көшесінен Дубынин көшесіне дейінгі учаске бекітілген. Бұл аумақта 166 үй бар, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Нәтиже: 110 тұрғын үйде техникалық тексеру жүргізілді, шамамен 80 үйдің иелері бағалаушылардан қорытынды алды.
“Қолда 60-тан астам техникалық қорытынды бар. 45 үй апатты деп танылды, қалғандары жөндеуге жарамды. Ойқалада 5 бригада жұмыс істеуде, техника бар. 5 үйді қалпына келтіре бастадық. Бөлшектеу және кептіру жүргізілуде. Одан кейін жөндеу жұмыстары басталады. Шағын аудан аумағынан қоқыс та шығарамыз”, – деді Ғ. Мүсірепов ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Аманжолов.