Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Оқу жылы қарсаңында Петропавлда апатты жағдайдағы мектеп жабылды

Оқу жылы қарсаңында Петропавлда апатты жағдайдағы мектеп жабылды

Оқу жылы қарсаңында Петропавлдағы мектептердің бірі жабылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

№19 бастауыш мектебі облыс орталығындағы Кирпичный шағын ауданында орналасқан. Онда 44 бала оқиды, 6 мұғалім жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында балалар да, мұғалімдер де өз мектептеріне оралмайды. Нысан апаттық деп танылып, жабылып отыр.

Оқушылардың ата-аналарына жақын маңдағы №4 және №23 мектептерде оқуды жалғастыру жайлы ұсыныс білдірілді. Бұл мекемелерде балаларға қолайлы жағдай жасалады және оқушыларды тегін тасымалдау ұйымдастырылады,- дейді білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

«Біз ата-аналарды балаларын бұл мектептерге беруге мәжбүрлемейміз. Бізбен кез келген адам хабарласа алады, біз баланы ата-анасы таңдаған мектепке орналастыруға көмектесеміз. Барлық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір құжаттар қабылданып жатыр. Сондай-ақ, мұғалімдерге мектептердегі, оның ішінде №4 және №23 мектептегі бос орындар ұсынылды. Қазір олардың жауабын күтіп отырмыз. Мектепті жабу туралы шешім балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында қабылданды», – деп түйіндеді сөзін Н.Жәшібеков.

 

Shares