Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «ПАМЖЗ» АҚ-да Абай күні аталып өтілді

«ПАМЖЗ» АҚ-да Абай күні аталып өтілді

«ПАМЖЗ» АҚ-да ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған кеш өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Зауыт радиосынан күні бойы ақынның өлеңдері мен әндері оқылды және шырқалды. Зауыт жұмысшылары тарихи фильмді тамашалады, Абайдың өлеңдерін өз қалаулары бойынша оқыды, оның қандай қиын-қыстау заманда өмір сүргенін еске алды.

Абай өзінің білімі мен тәжірибесінің арқасында қазақ мәдениетінің рухани жаңғыртушысы болды, халқына терең ойлар мен нақыл сөздер қалдырды. Сондай-ақ, ұлы ағартушы халықтарға тату-тәтті өмір сүруді өсиет еткен.

Shares