Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл 2-ЖЭО-да көмірге қатысты мәселе болмайды

Петропавл 2-ЖЭО-да көмірге қатысты мәселе болмайды

29 тамыздағы жағдай бойынша Петропавл 2-ЖЭО-да 86 мың тоннаға жуық көмір бар, бұл – 17 күндік қор, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Күзгі-қысқы кезеңде Петропавл 2-ЖЭО-ның қоймасында барлық нормативтер бойынша шамамен 120 мың тонна көмір болуы қажет, бұл 20 күндік мерзімге сәйкес келеді. Қыркүйек айында 227,5 мың тонна қара отын жеткізіледі деп күтілуде. Белгіленген жеткізу кестесін ескере отырып, айдың ортасына қарай станция көмір тиеуді ұлғайтпай-ақ азайтылмайтын қор көлеміне жетеді.

«2-ЖЭО-да негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстары 70%-ға аяқталды. Іс жоспар бойынша үзіліссіз жүргізілуде. 2023-2024 жылыту маусымына дайындық бойынша барлық іс-шаралар мерзімінде аяқталады», – деп толықтырды компания өкілдері.

Shares