Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл әкімдігі: “Ертең қалада су өшірілмейді!»

Петропавл әкімдігі: “Ертең қалада су өшірілмейді!»

“25 қаңтарда облыс орталығында су беру тоқтатылады”. WhatsApp мессенджерінде осындай хабарлама тарады. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл ақпарат жалған. QZ Мedia тілшісі мәселенің бүге-шүгесін анықтады.

Қаланың көптеген тұрғындары суды өшіру туралы хабарлама алғаннан кейін әлекке түсті. Олар су жинай бастады.

“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ертең қалада суды өшіру жоспарланбаған. Су жинаудың қажеті жоқ. 25 қаңтарда “Қызылжар су” ЖШС үш мекен жай бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді: Уәлиханов, 46, Қазақстан Конституциясы, 50 және Партизан, 127. Бұл жұмыстар Петропавлдың сумен жабдықтау жүйесіне әсер етпейді. Ресми көздер ұсынған ақпаратқа ғана сенім артуды сұраймыз”, – делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

 

Shares