Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл әкімі: «Кәсіпорындар мен дүкендердің басшыларын өз аумақтарын ретке келтіру бойынша кешенді жұмыс жүргізуге шақырамын»

Петропавл әкімі: «Кәсіпорындар мен дүкендердің басшыларын өз аумақтарын ретке келтіру бойынша кешенді жұмыс жүргізуге шақырамын»

Өткен жылғы тасқын салдары, 1800-ден астам үй сүрілгеніне қарамастан, әлі де сезілуде. Қалада рекордтық көлемде — 320 мың тонна қоқыс шығарылғанымен, бірқатар аумақтар, әсіресе үй сүрілген жерлер мен қаланың басқа да аудандары абаттандырылмаған және қоқысқа толы күйінде қалып отыр. Бұл туралы облыс орталығын абаттандыру жөніндегі жиналыс барысында қала әкімі мәлімдеді, деп хабарлайды QZ News.

Қала басшысының айтуынша, аулалар, көшелер және кәсіпорындарға іргелес аумақтардың жағдайы көбіне сын көтермейді.

«Кәсіпорындар мен дүкендердің басшыларын өз аумақтарын ретке келтіру бойынша кешенді жұмыс жүргізуге шақырамын: қоқыстан тазарту, ғимараттардың қасбетін ретке келтіру, қоршауларды сырлау, автотұрақтарда тәртіп орнату қажет», — деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Тағы бір өзекті мәселе – контейнер алаңдарының айналасындағы рұқсатсыз қоқыс үйінділері. Бұл қаланың көркін бұзып қана қоймай, тұрғындардың негізгі шағымдарының біріне айналған.

«Осыған байланысты атап өткім келеді: ірі көлемді қоқысты шығару қатты тұрмыстық қалдықтар тарифіне кірмейді. Тұрғындар ірі көлемді қоқыстарын өздері шығару керек, ал ПИК/МИБ бұл жұмысты бақылауға алуы тиіс. Қалдық тасымалдаушы компаниялар сенбіліктер аясында ірі көлемді қоқысты тегін шығарған жағдайлар болғанымен, өкінішке қарай, жағдай жақсарып жатқан жоқ. Ерікті шаралардың тиімсіздігін және тәртіп бұзушылықтардың жүйелі сипат алғанын ескере отырып, рұқсатсыз қоқыс төгумен күрестің жалғыз тиімді жолы — бақылауды күшейту және айыппұл шараларын қолдану. Құрметті тұрғындар! Егер сіз ірі көлемді қалдықтарды үйіп жатқанын немесе қоқысты уақытылы шығармағанын байқасаңыз, міндетті түрде хабарласыңыз», – деді Серік Мұхамедиев.

Shares