Петропавл полицейлері қала тұрғындарының қоқыс алаңдарындағы іс-әрекетін жария етті
СҚО полиция департаменті кезекті бейнеролик жариялады. Онда қала тұрғындарының қоқыс алаңдарындағы жағымсыз іс-әрекетін көруге болады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«Міне, осындай дүниелер тасталып жатыр. Дәл жанынан көрші үйлердің тұрғындары өтіп барады. Олардың бірі де ескерту жасамады. Үнсіз өтіп кетті»,- деді баяндайды полиция қызметкері.
Жыл басынан бері облыс орталығында абаттандыру ережелерінің 3352 бұзылуы анықталды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексінің 505-бабына сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.