Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қалалық сотында азаптаулардың алдын алу жайлы айтылды

Петропавл қалалық сотында азаптаулардың алдын алу жайлы айтылды

Петропавл қалалық сотының алаңында облыс прокуратурасы азаптаулардың алдын алу шараларын дер кезінде қабылдау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Прокуратураның полиция және қылмыстық-атқару жүйесі ғимараттарында орналасқан барлық бейнебақылау камераларына қол жеткізудің енгізілген жүйесі бойынша азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуының және рұқсат етілмеген әдістердің алдын алуға және жедел анықтауға мүмкіндік беретін жұмысы оң атап өтілді. Қылмыстық қудалау органдарының назары адамдарды ұстағанда бейнежазба жүргізу үшін техникалық құрылғыларды міндетті түрде қолдануға аударылды”,- делінген СҚО прокуратурасының хабарламасында.

Shares