Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласы «World Cleanup day 2023» акциясына қатысады

Петропавл қаласы «World Cleanup day 2023» акциясына қатысады

16 қыркүйекте еліміздің барлық аймағында “World Cleanup day 2023” жаһандық акциясын өткізу жоспарлануда. Акцияның мақсаты – аумақтарды қалдықтардан тазарту бойынша шаралар кешенін ұйымдастыру үшін қазақстандықтарды біріктіру, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

«Осыған байланысты, 16 қыркүйекте сағат 10-00-де кәсіпорындардың, дүкендердің иелерін, барлық саладағы және меншік нысанындағы ұйымдарды, пәтер иелері мен жеке шаруашылықтардың еңбек ұжымдарын іргелес аумақтарды тазалауға шақырамыз. Барлығымыз бірге қаламызды таза ұстайық әрі көркейтейік», – делінген қалалық әкімдіктің шақыруында.

Shares