Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласының әкімдігі түнгі өртте қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетеді

Петропавл қаласының әкімдігі түнгі өртте қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетеді

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев 25 қыркүйекте Волочаевская көшесі, 113 үйде болған өртте қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Еске салайық, өрттен екі бала мен бір қыз қайтыс болды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

“Кеше қаламызда қайғылы жағдай орын алды. Қызыл жалын үш адамның өмірін әкетті. Қаза тапқан адамдардың туғандарына қайғырып көңіл білдіремін. Жергілікті атқарушы орган тарапынан жерлеу рәсіміне, уақытша жалдамалы пәтерге, басқа да қажеттіліктерге  қаржылай көмек көрсетілетін болады”, – деп жазды Петропавл қаласының әкімі әлеуметтік желіде жазды.

 

Shares