Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласының әкімі: “Білім жолында табандылық пен ізденіс серік болсын!”

Петропавл қаласының әкімі: “Білім жолында табандылық пен ізденіс серік болсын!”

Қала әкімі Серік Мұхамедиев мұғалімдер, оқушылар және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Әкім атап өткендей, 1 қыркүйек – бұл тек қана мектепке оралу емес, сонымен қатар, жаңа мүмкіндіктердің бастауы, жаңа білімнің қайнар көзі.

“Бүгінде мектеп табалдырығын 28 000-ға жуық жас петропавлдық аттады, оның ішінде 2 500-ден астамы – бірінші сынып оқушылары. Ал жоғары сынып оқушылары үшін мамандық таңдау мен болашағын анықтайтын кезең басталды! Ұстаздар қауымына ерекше алғыс білдіремін. Сіздердің еңбекқорлығыңыз бен білімге деген сүйіспеншілігіңіз жас ұрпақтың рухани дамуы мен еліміздің болашағына үлкен үлес қосады. Ата-аналар, сіздердің қолдауларыңыз бен тәрбиелеріңіз балаларыңыздың жетістіктеріне жол ашады. Бірлескен күш-жігермен балаларымызға жарқын болашақ сыйлаймыз. Баршаңызға жаңа оқу жылында сәттілік, мықты денсаулық және үздік жетістіктер тілеймін! Білім жолында табандылық пен ізденіс серік болсын!”,- деп жазды әлеуметтік желіде Серік Мұхамедиев.

 

Shares