Петропавл қаласының орталығына жаңа жиектастар қойылуда
Маусым айының бірінші онкүндігінде Петропавлда жиектастарды түзету және ауыстыру жұмыстары басталды. Сол кезде ТҮКШ бөлімінде орташа жөндеу аясында мұндай жұмыстар 8 көшеде – Сүтішев, Набережный, Васильев-Партизан учаскесі және Караван көшесінде жүргізілетіні айтылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Аптаның соңына қарай Сүтішев көшесіне жоспарланған жаңа гранитті жиектастар жартылай қойылып, кейбір жерлерде олардың шеттері кесілді. Облыс орталығының әкімдігінде мердігер мұны себепсіз жасамағаны айтылды.
“Мердігер ұйым тамыз айының ортасына дейін жаяу жүргіншілердің кедергісіз және жайлы жүріп-тұруы үшін К.Сүтішев көшесінің барлық қиылыстарында тегіс енкіштерді жасауға міндеттенді. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталған жоқ және сәйкесінше қабылданбады. Өндірістік жұмыстар кестеден ауытқыған жағдайда мердігерге шағым хат жолданады, сондай-ақ өсімпұл есептелетін болады”, – деп хабарлады қала әкімдігі.