Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл су торабында қандай мәселелер бар?

Петропавл су торабында қандай мәселелер бар?

Петропавл су торабындағы жол көпірі апаттық деп танылды. QZ MEDIA тілшісі бұған баспасөз туры барысында көз жеткізді.

Бүгінгі таңда су торабының жағдайы қанағаттанарлық. Бірақ жол жабынымен мәселелер бар. Мұның бәрі ауыр жүк көліктерінің кесірінен. Кәсіпорын директоры атап өткендей, мұнда орын алатын жазатайым оқиғалар аз емес. Бүгін де баспасөз туры кезінде журналистердің көзінше КАМАЗ көлігі қоршауға соғылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

«Біз ауыр көліктер үшін қозғалысты жабуды бірнеше рет ұсындық. Бізге әзірге ешкім құлақ асар емес, жергілікті атқарушы органдар ешқандай шара қолданбай отыр», – дейді «Қазводхоз» РМК СҚОФ директоры Шұғайып Ибатуллин.

Өткен жылы су торабының жөндеу жұмыстарына 2,5 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Енді екі мотопомпаны ауыстыру қажет, олардың қызмет ету мерзімі аяқталды, оған қоса қосымша 3 сорғы орнату қажет. Петропавлдағы бұл нысан арқылы секундына 13,4 текше метр су өтеді. Мамандар су құбырының жай-күйі қанағаттанарлық, ең бастысы жол жамылғысының мәселесін шешіп, ол арқылы жүк көліктерінің қозғалысын шектеу қажет дейді.

 

 

Shares