Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл төрінде Біржан салды еске алу кеші өтті

Петропавл төрінде Біржан салды еске алу кеші өтті

И.Шухов атындағы кітапханада кезекті әдеби-сазды кеш өтті. Ол атақты Біржан салдың 190 жылдығына арналды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Біржан қазақтың дәстүрлі ән өнері мен халық музыкасын жаңа деңгейге көтерген көрнекті қайраткер, әнші, композитор, айтыскер ақын болды. Оның репертуарындағы 60-қа жуық ән бүгінгі күнге дейін сақталған.

“Біржал салдың әндерін Қазақстанның барлық танымал әншілері орындады. Ол әртүрлі ауылдарды аралады. Онда халық айтыстарына қатысты. Сонымен қатар, дара тұлға талантты жастарды біріктіріп, көшпелі театр құрды”, – деді көркемдік жетекші, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртісі Біржан Есжанов.

Еске алу кешін “Сана” әдеби-сазды клубының мүшелері ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Ұлттық ұланының курсанттары, Қозыбаев университетінің студенттері шақырылды.

“Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – атақты жерлестеріміздің шығармаларын дәріптеу. Жастар оларды біліп, есте сақтағанын қалаймыз”, – деді СҚО ҚХА журналистер клубының мүшесі Алтынай Сыздықова.

Еске алу кеші атақты ақынның өмірі туралы фильмді көрумен аяқталды.

Shares