Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл тұрғындары қоғамдық көлік тарифінің көтерілуіне наразы

Петропавл тұрғындары қоғамдық көлік тарифінің көтерілуіне наразы

25 қыркүйек, яғни дүйсенбіден бастап қоғамдық көліктегі тасымалдау қызметінің жаңа тарифтері күшіне енеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Петропавлдық автобустарда жол жүру құны қолма-қол ақшасыз төлем үшін 100 теңге, ал қолма-қол төлем үшін 170 теңге болады. Балалар үшін жолақысы сәйкесінше 50 және 85 теңгені құрамақ.

Петропавлдықтар бұл жаңашылдыққа өз наразылықтарын білдіруде. Көпшілік автобустардың стандартқа сәйкес келмейтіндігін алға тартады.

«Алдымен автобустарды ауыстырғыларыңыз келмей ме? 20-шы автобусқа отыру мүмкін емес. Әне-міне аударылып қалатын сияқты», – деді желі қолданушылардың бірі.

«Масқара, қызмет көрсету сапасын жақсарту керек.  Автобустарға темекінің иісі сінген, тазалық жоқ», – дейді тағы бірі.

«Бензиннің қолма-қол мен Каспий арқылы бағасы бірдей, ендеше неге мұндай айырмашылық бар?» деп бөлісті тағы бір әлеуметтік желі қолданушысы.

Shares