Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл тұрғындарына ЖЭО-2-дегі қатты дыбыстар туралы ескертілді

Петропавл тұрғындарына ЖЭО-2-дегі қатты дыбыстар туралы ескертілді

17 шілде күні Петропавл жылу электр орталығы – 2-де №11 қазан агрегатының парқыздырғышын жоспарлы түрде үрлеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл – қазан агрегатының күрделі жөндеуден шыққаннан кейін орындалатын стандартты технологиялық жұмыс, деп хабарлайды QZ NEWS «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үрлеу барысында өндірістік бу арнайы қондырғылар арқылы жоғары қысыммен атмосфераға шығарылатын болады. Бұл процесс қатты дыбыспен қатар жүруі мүмкін және қаланың әртүрлі аудандарында естілуі ықтимал. Осыған байланысты Петропавл ЖЭО-2 әкімшілігі тұрғындарды сабыр сақтауға шақырады. Барлық жұмыстар станция мамандарының қатаң бақылауымен жүргізіледі және қауіпсіздік талаптары мен технологиялық нормалар толығымен сақталады», – делінген хабарламада.

Shares