Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл тұрғыны салмағы 115 грамм болатын алып тауық жұмыртқасын көрсетті

Петропавл тұрғыны салмағы 115 грамм болатын алып тауық жұмыртқасын көрсетті

Петропавл тұрғыны ерекше видеомен бөлісті. Видеода алып тауық жұмыртқасы бірден көзге түседі. Бұл – оның қорасынан алынған өнім, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ер адам Солнечный ауылында тұрады. Құстардың ұясын тексеру кезінде Петропавл тұрғыны салмағы 115 грамм болатын тауық жұмыртқасын тапқан. Таңдай қақтырғар тосын сый алақанға әзер сияды. Видео авторы атап өткендей, жұмыртқа мөлшері жағынан қаздың жұмыртқасына ұқсайды.

“Мұндай тауық жұмыртқасын алғаш рет көріп тұрмын. Таразыда дәл 115 грамм болды”, – дейді видео авторы.

Айта кетейік, Гиннестің рекордтар кітабына енген ең үлкен жұмыртқаның салмағы 454 грамм екенін білу қажет. Мұндай көрсеткіш 1956 жылы АҚШ-та тіркелді. Ал 2011 жылы Грузияда тауық салмағы 170 грамм болатын жұмыртқа тапты. 2016 жылы Германияда бір фермер 184 грамм болатын тауық жұмыртқасын жария етті, ал
екі аптадан кейін екінші адам 209 граммдық өнім алды.

Shares