Петропавл жастары «Жеңіс лентасы» акциясын өткізді
Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс лентасы» патриоттық акциясын ұйымдастырды. Белсенді жастар қала көшелеріне шығып, тұрғындарға Жеңіс ленталарын таратты, деп хабарлайды QZ News.
Жастар ленталарды халық көп шоғырланған орындарда – сауда орталықтарында, орталық көшелер мен қоғамдық көліктерде таратты. Ленталарды жылы лебізбен табыстай отырып, олар бұл символдың тарихы мен маңызын түсіндіріп, жауынгерлердің ерлігі мен батырлығын жадымызда сақтаудың маңыздылығын еске салды.
«Жеңіс лентасы» акциясы ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың символына айналып, уақыттың үзілмес байланысын және бейбіт өмір сыйлаған жандардың ерлігін мәңгі есте сақтау қажеттігінің тағы бір мәрте дәлелі.