Петропавл ЖЭО-2-нің жаңа түтін мұржасы пайдалануға дайын
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл ЖЭО-2 нысанындағы биіктігі 180 метр болатын жаңа түтін мұржасының бояу жұмыстары жоспарланған мерзімінен бір ай бұрын аяқталғанын хабарлады, деп жазады QZ NEWS компанияға сілтеме жасап.
25 маусым 2025 жылы басталған жұмыстар тамызға жоспарланған мерзімге дейін аяқталып, белгіленген уақыттан бұрын бітті. Мұржа дәстүрлі қызыл-ақ жолақтармен боялды. Бұл бірнеше маңызды себепке байланысты: Авиациялық қауіпсіздік талаптары – контрастты бояу мұржаны әуе көліктері үшін жақсы көрінетіндей боялған. Құрылымды қорғау – жоғары температура мен коррозиядан қорғайтын арнайы бояулар қолданылды; Бұл түстер арқылы мұржа бетіндегі өзгерістерді көзбен оңай бақылауға болады.
Бояу кезінде мұржаның өзімен қатар бақылау алаңдары да сырланды. Қазіргі уақытта мамандар технологиялық жабдықтарды жаңа мұржаға ауыстыру жұмыстарын жалғастыруда.
Айта кетейік, бұл мұржа өте қысқа мерзімде салынған. Оның тіреу бағанын құю 2024 жылғы 5 тамызда басталып, небәрі 73 күн ішінде аяқталды.16 қазанда соңғы бетон құйылды. Қалып алынған соң, қорғаныс қалпағы, баспалдақтар, бағдаршам алаңдары, балкондар, сыртқы жарықтандыру және найзағайдан қорғау жүйесі орнатылды. Жаңа мұржаның биіктігі – 180 метр, бұл №2 және №3 жұмыс істеп тұрған мұржалардан 30 метрге биік.
2025 жылдың наурызында мұржа астындағы кеңістік абаттандырылып, ішкі бетіне коррозияға қарсы жабын жағылды. Сонымен қатар, 1-ден 4-ке дейінгі қазандық агрегаттардан келетін негізгі газқұбыры жаңа мұржаға бағытталды. Сондай-ақ, атмосфераға тарайтын шығарындыларды бақылауға арналған автоматтандырылған жүйе орнатылды.
Нысанды толықтай өнеркәсіптік пайдалануға беру 2025–2026 жылдардағы алдағы жылыту маусымының басына жоспарланған.