Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл ЖЭО-2 қызметкерлері су тасқынына қарсы күреске қосқан үлесі үшін марапатталды

Петропавл ЖЭО-2 қызметкерлері су тасқынына қарсы күреске қосқан үлесі үшін марапатталды

Петропавл ЖЭО-2 қызметкерлері Александр Фоминых пен Алексей Васин Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатымен марапатталды. Олар Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылындағы су тасқыны қаупін жою және төтенше жағдайдың алдын алу шараларына белсене қатысқаны үшін атап өтілді, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Севказэнерго» АҚ мәліметінше, Александр Фоминых – жылу автоматикасы және өлшеу цехы тобының электр станцияларын автоматикалар мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрослесарь, ал Алексей Васин – электр станциялары жабдықтарын күтіп ұстау жөніндегі слесарь. Екеуі де төтенше жағдай кезінде батылдық танытқан.

Станцияда жұмыс істеген мерзімі ұзақ болмаса да, олар өздерін жауапкершілігі жоғары, бастамашыл әрі кәсіби дамуға ұмтылатын мамандар ретінде көрсете білді. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы олардың төзімділігін, қиын жағдайда әрекет ете білуге әрдайым дайын екендігін ерекше атап өтті.

Shares