Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл ЖРО белсенділері референдум туралы 10 мыңнан астам жаднама таратты

Петропавл ЖРО белсенділері референдум туралы 10 мыңнан астам жаднама таратты

Бірнеше күннен кейін, нақтырақ айтқанда 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша бүкілхалықтық дауыс беру өтеді. Естеріңізге сала кетейік, СҚО-да референдумға қатысу тізіміне 375 мыңнан астам адам енгізілген, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Петропавл жастар ресурстық орталығының мүшелері қыркүйек айында күн сайын ядролық энергияның пайдасы, дауыс беру күні мен тәртібі туралы ақпарат жазылған жаднама қағаздар таратуға шықты. Қазан айының басына қарай ЖРО белсенділері 10 мыңға жуық ақпараттық жаднама таратты.

“Бүгін “Аврора” сауда үйінде жадынама таратамыз. Бұл ҚР-дағы АЭС құрылысына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жасалуда. ЖРО белсенділері қаланың түрлі бөліктеріндегі сауда нысандарын аралады, сонымен қатар Қазақстан Конституциясы көшесінде күн сайын буклеттер таратылды. АЭС миллиардтаған теңгені үнемдеуге көмектеседі, сондай-ақ қазақстандықтарды жарықпен және жылумен қамтамасыз етеді”, – деді ЖРО волонтері Әділ Сейдахметов.

Shares