Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 1200 орындық жатақхана ашылды

Петропавлда 1200 орындық жатақхана ашылды

Кезекті қуаныш! Облыс орталығында салтанатты түрде студенттік жатақхана ашылды. Нысан 1200 орынға шақталған. Ғимарат бірнеше блоктан тұрады. Сәнді студенттер үйі Мемлекет басшысының студенттерге арналған жатақханалар салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында салынды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Жатақхананың құрылысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында жүргізілді. Біздің ойымызша, оқу инфрақұрылымын, білім алу мен ғылымды ұдайы дамыту қажет. Сонда біздің университет сумен жабдықтау, ирригация, гидрология, ауыз және суармалы судың сапасын бақылау, сарқынды суларды қайталап пайдалану саласындағы өңірдің өзекті мәселелерін шешеді, іспен екі есе күшпен айналысатын болады”, – деді салтанатты рәсімде СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов

Жаңа жатақхананың іске қосылуы арқасында Қозыбаев университетінде студенттер үшін жатахана жетіспеушілігі мәселесі толығымен шешілді.

“Бұл – ҚР-да ашылған ең ірі жатақхана. Жоба Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылды, нысан жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынды. Жатақхана өте заманауи, онда жаттығу залдары, кофе ішу орындары, тамақтану орындары, коворкинг-аймақтары бар. Осының бәрі біздің студенттеріміздің қолайлы жағдайда сапалы білім алуы үшін жасалды”, – деп атап өтті Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Ербол Исақаев.

Ал жүздері бал-бұл жайнаған студенттер жаңа жатақханада жасалған жағдайларды бағалап та үлгерді.

“Мұнда бөлмелер пәтерлердегі бөлмелерге ұқсайды, қызықты, қолайлы аймақтар көп, онда емін-еркін жұмыс істеуге, сабақ оқуға болады. Мұның барлығы бәріміз пәтер мәселесін ойламау, қиындықсыз оқу үшін жасалды”, – деді Қозыбаев университетінің студенті Әмір Ағзамов.

Shares