Петропавлда 14 үйге жылу беру шектелді
Сейсенбі, 12 қарашада облыс орталығындағы кейбір көпқабатты тұрғынүйлерде жылу қайтадан уақытша өшірілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тығыздағыш арматураны жөндеуге байланысты келесі мекенжайлар бойынша 7 үйде жылу беру шектелді: Труда 51,53,55,57,59,63, 314, Атқыштар дивизиясы 7.
Технологиялық бұзушылықты жою үшін Интернационал көшесі44,46,48,50,52, Алтынсарин 165, Бостандық 23 мекенжайларында орналасқан үйлерде жылу өшірілді.