Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 16 жастағы жалған террорист ұсталды

Петропавлда 16 жастағы жалған террорист ұсталды

102 пультіне “Dostyq Mall” СОО-ға бомба қойылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Полицейлер дереу қажетті шараларды қабылдады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

СОО-ға келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды, оқиға орнына полиция, ТЖД және басқа да мүдделі қызметтердің қызметкерлері келді.

Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Осы қылмысқа күдікпен полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған қала тұрғынын анықтады.

“Медициналық куәландыруға сәйкес, 16 жастағы жасөспірім мас болған. Бұл факт ҚР ҚК-нің 273-бабы “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама тарату” бойынша тіркелді. Тергеу барысында жаспірімнің заңды өкілдерінің жауапкершілігі анықталады”, – деп хабарлады СҚО ПД.

 

 

Shares