Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 40 студент зияткерлік ойынға қатысты

Петропавлда 40 студент зияткерлік ойынға қатысты

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Қазақстан – бақыт ордасы» атты зияткерлік ойын өтті. Оған жастар қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, ойынға Петропавл қаласының үш колледжінің 40-қа жуық студенті қатысты. Балалар командаларға бөлініп, еліміздің тарихына арналған сұрақтарға жауап берді.

“Іс-шараны СҚО ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму және ақпарат орталығының және Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығының мамандары ұйымдастырды. Ойынды жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін өткіземіз, олар еліміздің қалыптасу тарихын білуі керек. Ойын өзара ерекшеленетін 4 кезеңді қамтиды. Сұрақтар әр түрлі деңгейде болады. Ойынның ең белсенді қатысушылары марапат алады”, – деді СҚО ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Алмагүл Ғаббас.

Shares