Петропавлда 56 жастағы әйел бес қабатты үйдің терезесінен құлады
2 мамыр күні Петропавл қалалық полиция басқармасының “102” арнасына Новая көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен әйел адам құлағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Жедел жәрдем бригадасы түрлі дәрежеде жарақат алған әйел адамды медициналық мекемелердің біріне жатқызды.
“Полицейлер зардап шеккен адамның 56 жастағы қала тұрғыны екенін анықтады; оның айтуынша, ол бесінші қабаттың терезесінен өзі құлап кеткен. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тексеру жүргізілуде”, – делінген СҚО ПД хабарламасында.