Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды

Петропавлда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды

14 қыркүйек күні 60 жастағы облыс орталығының тұрғыны Интернациональная көшесінің бойында Mitsubishi Montero Sport көлігін басқарып келе жатып, белгіленбеген жерден жолға шыққан жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 86 жастағы зейнеткер оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қажетті сараптамаларды тағайындау және соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жинауда. Тергеу жүргізілуде.

Shares