Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда алимент төлемеушілер үшін “Бос орындар жәрмеңкесі” өтті

Петропавлда алимент төлемеушілер үшін “Бос орындар жәрмеңкесі” өтті

«Бос орындар жәрмеңкесінің» қорытындысы бойынша 15 адам жұмысқа орналастырылды. Шара Петропавл қаласы прокуратурасының бастамасымен өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жалпы ағымдағы жылы прокуратураның үйлестіруімен 154 адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, прокуратураның бақылауында алимент төлеуден жалтарған 62 борышкер бар. Қабылданған шаралар нәтижесінде 21 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2 адамға қатысты жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық істер тоқтатылды.

Бұдан басқа, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 1 борышкер 1 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындаумен сотталды. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін борышкерлерді алимент бойынша берешекті уақтылы өтеуге шақырамыз.

Shares