Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ана мен баланы көлік қағып кетті

Петропавлда ана мен баланы көлік қағып кетті

Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері 30 жастағы әйел мен 6 жастағы балаға қатысты орын алған жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

3 сәуір күні Н.Назарбаев көшесі бойындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде “Nissan Cefiro” автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншінің соқты. Салдарынан 1993 және 2018 жылы туған зардап шеккендер медициналық мекемелерге жатқызылды.

“Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, “Nissan Cefiro” жүргізушісі сау күйде болған. ЖКО фактісі бойынша процестік шешім қабылдау үшін материал жинау жұмысы жүргізілуде”, – деп хабарлады СҚО ПД.

Shares