Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ауыз су бір тәулікке шектеледі

Петропавлда ауыз су бір тәулікке шектеледі

«Қызылжар су» ЖШС-нің мәліметінше, бірінші көтергіш сорғы станциясында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Петропавл қаласында 9 сәуір сағат 22:00-ден 10 сәуір сағат 22:00-ге дейін ауыз су беру шектеледі, деп хабарлайды QZ News.

Жоспарға сәйкес, бірінші топтағы соңғы екі тереңдетілген сорғыны орнату жұмыстары жүргізіледі. Жалпы 4 сорғы орнатуға қабылданған, оның ішінде 2-еуі бұған дейін сәтті монтаждалған болатын.

«Аталған жұмыстар сорғы станциясын қайта жаңғырту кешенінің бір бөлігі болып табылады және су беру сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Тұрғындардан қажетті су қорын алдын ала дайындауды сұраймыз және уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша диспетчерлік қызметке 62-54-25 нөмірі арқылы хабарласуға болады», – делінген компания хабарламасында.

Shares