Петропавлда балаларды қорғау күні қалай тойланады
Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстанда жыл сайын 1 маусым күні атап өтіледі. Мереке бүкіл әлемге болашақ жас ұрпаққа тиесілі екенін еске салады. Оның Петропавлда атап өтілуі жайлы облыстық әкімдікте айтылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Петропавлдың басты алаңында ұлдар мен қыздарға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламасы дайындалды:
• ”Алтын балалық шақ!”- мерекелік бағдарлама сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін
• Денсаулық лигасы – Таэквон-до, Кекушинкай каратэ федерациясы тәрбиеленушілері 14.00-ден 14.30-ға дейін өнер көрсетеді
• ”Радуга” – облыстық ұлттық мәдениет фестивалі жеңімпаздарының Гала-концерті сағат 14.30-дан 16.00-ге дейін
• ”Kitapfest” фестивалі (шатыр) сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін
• ”Бьюти-бар” мастер-класс – өру, әдемі шаш үлгісін жасау, боди-Арт 12.00-ден 15.00-ге дейін
• ”Айболит қабылдау бөлмесі” интерактиві (шатыр) 12.00-ден 15.00-ге дейін
• Шексіз шығармашылық! (шатыр) 12.00-ден 15.00-ге дейін
• ”Жас Дарын” өнер мектебі тәрбиеленушілерінің мерекелік концерті сағат 16.00-ден 17.30-ға дейін
Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы өкілдері балаларға бірсыпыра базарлық дайындады:
• ”Өнер әлемі” – шығармашылық шеберханалардың жұмысы, робототехника бойынша мастер-класс 13.00-ден 14.30-ға дейін
• ”Шығармашылдық орталығында” – асфальттағы суреттер конкурсы, сәндік-қолданбалы шығармашылық конкурсы, робототехника бойынша мастер-класс 13.00-ден 15.00-ге дейін
• ”Менің қауіпсіздігім өз қолымда” танымдық-ойын сауық бағдарламасы – конкурстар, викторина, эстафеталар, арқан тарту 13.00-ден 15.00-ге дейін
1 маусымда Оқушылар сарайы ұлдар мен қыздарға есігін айқара ашады. Онда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін “Ғылым әлеміндегі балалар” фестивалі өтеді. Ал “Динамо” стадионында сағат 12.00 – ден 15.00-ге дейін “Бір аспан бір әлем” облыстық ұшу аппараттары байқауы өтеді. Сонымен қатар, балалар жасөспірімдер арасындағы шағын футбол турниріне қатыса алады.
Жаздың бірінші күнінде балалар Тұңғыш Президент саябағында да жалықпайды . Онда 13.00-ден 15.00-ге дейін спорттық-туристік алаң ашылады:
• ”Әкем, анам және мен” отбасылық туристік кедергілер жарысы
• бард әндер фестивалі.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің арт-орталығында 12.00-ден 15.00-ге дейін ұлдар мен қыздар үшін “Балаларға қуаныш сыйла” атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Қуыршақ театрында 1 маусым күні тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балаларына сағат 12.00 және 14.00-де “Кот в сапогах” спектаклі көрсетіледі.
Балаларды қорғау күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының алдындағы алаңда 12.00-ден 14.00-ге дейін “Ақ гүл” балалар мерекесі өтеді. Оған қайырымдылық акциясы мен этномәдени бірлестіктердің қатысуымен концерттік бағдарлама кіреді.
1 маусым күні “Береке” саябағының жанында тұратын балалар да шаттанады. Мұнда 12.00-ден 13.30-ға дейін “Балалар әлемі” концерттік-ойын бағдарламасы өтеді.