Петропавлда бақандай 1,3 млрд теңге көлеміндегі қазына қаржысы негізсіз жұмсалмақ болған
Әр тиын – бақылауда! СҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен негізсіз шығыстарға жол бермеуге бағытталған алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өрескел бұзушылық анықталды. Петропавлдың жас шағын ауданына негізсіз қаржы құйылмақ болған. Онымен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым саласындағы жабдықтарды сатып алу көзделген және жұмыс құны төленбек болыпты.
“Бұл мәселе Солнечный-2 ықшам ауданына қатысты. Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен мердігер ұйымға заң бұзушылықтарды жою және орындалған жұмыс актілерін жарамсыз деп тану қажеттігі туралы хабарлама жіберіліп, олар толық көлемде орындалды. Осылайша, департаменттің араласуынан кейін 1,3 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаржысының негізсіз шығыстарына жол берілмеді”,- деді СҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бастығының орынбасары Максим Пахно.