Петропавлда білім беру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтеді
2025 жылғы 23 сәуірде сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін білім беру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау күні өтеді. Іс-щараға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, білім саласына жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысады, деп хабарлайды QZ News.
Өңірдің әрбір тұрғыны білім беру тақырыбы бойынша кеңес ала алады.
Өтетін орны: СҚО әкімдігі жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы (Қазақстан Конституциясы көшесі, 58А).
Қабылдауға жазылу туралы ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7152) 32 03 65.