Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда экологиялық жауапкершілікті және АЭС құрылысын қолдауға арналған флеш-моб өтті

Петропавлда экологиялық жауапкершілікті және АЭС құрылысын қолдауға арналған флеш-моб өтті

Референдум қарсаңында Қоғамдық даму және ақпарат орталығы Петропавл Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, еліміздің экологиялық жауапкершілігі мен энергетикасының болашағына назар аударуға бағытталған флеш-моб ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Маңызды референдумға орайластырылған іс-шара жастар арасында экологиялық ойлауды дамытуға, энергия мен энергия ресурстарын үнемдеуге назар аударуға, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, флеш-моб Қазақстанның энергетика саласын дамытудағы маңызды қадам болатын АЭС құрылысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының алаңына айналды.

Іс-шараға 45-ке жуық адам қатысты, олар экологиялық жауапкершілікті дамыту және АЭС жобасын ілгерілету жөніндегі бастамаларды біркісідей қолдады.

Shares