Петропавлда кәріздік тазарту құрылысы қашан тапсырылады?
Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында өңірдің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Оған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 17 іс-шара кіреді. 2023 жылы 4 тапсырманы орындау жоспарлануда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жол картасы пункттерінің бірі – Петропавл қаласында орналасқан қолданыстағы КТҚ технологиялық схемаларын жаңғыртуды аяқтау. Бұл жоба 2013 жылдан бастап жүзеге асырылып жатыр. Оны түрлі себеппен тоқтатты. Тек биыл ғана іс қайта бастау алды. Биологиялық тазарту жүйесінің болмауына байланысты «Қызылжар су» ЖШС балансындағы «Биопруд» сарқынды су жинағышы Петропавл қаласында күкіртті сутегінің ШРК асып кетуінің негізгі көзі болып табылады.
Толық тазарту схемасын (механикалық және биологиялық) іске қосқаннан кейін қала аумағына күкіртсутек иісінің түсу қаупі айтарлықтай төмендейді. Жергілікті билік өкілдері ұсынған дерекке сүйенсек, құрылысты 2027 жылы аяқтау жоспарлануда.
«Атмосфералық ауаның күкіртті сутегімен ластануын азайту мақсатында Жол картасына қосымша іс-шаралар енгізілді, бұл 2024 жылға дейінгі орындау мерзімімен судың ластануының табиғи сіңіргіші болып табылатын жасыл микробалдыр – хлорелла көмегімен биологиялық оңалту. Бұл іс-шара қолданғаннан кейін оң нәтиже көрсетті. Мәселен, егер 2021 жылы Петропавл қаласы бойынша күкіртсутек бойынша атмосфералық ауаның жоғары ластануының 7 жағдайы тіркелсе, 2022 жылы тек 1 жағдайы тіркелді. Ал биыл мүлде тіркелмеді», – деп толықтырды ӨКҚ брифингі алаңында жауапты департамент басшысы.