Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда көмірді қай жерден алуға болады?

Петропавлда көмірді қай жерден алуға болады?

Көмірмен жылыту – жеке үйді жылытудың ең тиімді нұсқасы. Алдағы жылыту маусымына алдын-ала дайындалу керек. Себебі, дәл қыс тақаған уақытта теміржол тұйықтарында кезек пен дүрбелең болуы мүмкін. Қазір облыс орталығында қатты отын 3 жерде сатылуда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

 – Труд көшесі, 18А – Екібастұз көмірі. Бүгінде тұйықта 490 тонна көмір бар. Бір тоннасы сатып алушыға 12,5 мың теңгеге түседі. Алдағы уақытта мұнда 490 тонна Майкүбі көмірі жеткізіледі. Оның құны 14,5 мың болады. Анықтама үшін телефон: 87152-31-72-24

– Панфилов көшесі, 276 – Шұбаркөл көмірі. Бүгінде тұйықта 1200 тонна көмір бар. Мұнда әр бес күн сайын 700 тоннадан жаңа партия жеткізіліп отырады. Тоннаның құны 17 мың теңге. Анықтама үшін телефон: 87152-39-79-35

– Ленинград көшесі, 116 – Қаражара көмірі. Бүгінде тұйықта 500 тонна көмір бар. Жақын арада қосымша 1500 тонна жеткізу күтілуде. Бұл көмірдің тоннасы қазір солтүстікқазақстандықтар үшін 17 200 теңге. Анықтама үшін телефон: 87152-40-08-87, 87152-40-08-40.

Суық ауа райына өте аз уақыт қалды. Солтүстікқазақстандықтардың біразы қатты отынды әлі сатып алмаған. Сондықтан сатып алуды тездеткен дұрыс.

Shares